«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты педагогтарды анықтау және оларды қолдау, ынталандыру, мұғалімдердің іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында 2017 жылғы 12-і мен 13-ші мамыр аралығында РҒПО «Дарын» Кубогына география және ағылшын тілі пәндері бойыншареспубликалық қашықтық олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) өткізеді.
Олимпиада www.cdo.kz сайтында өтеді.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Олимпиаданы өткізу уақыты және қатысу шарттары туралы ақпарат www.daryn.kz және www.cdo.kz сайттарында жарияланады.