Меню KDT

Новости

Қарттарға көмек

Көпті көрген дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата - баба аманатына адал, ұлттық тәлім - тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу.  
Жыл сайын "Жас Ұлан" оқушылары қарттарға көмектерін көрсетіп келе жатыр. Биылғы оқу жылы  осы дәстүрден басталды. 2017 жылы 20 қазан күні біздің ұл қыздарымыз бір талай қарттарға көмектерін көрсетті.  Оқушылар қаттардың ауласын жинастырып, үй шаруашылығына көмек көрсетті. Оқушылар  әрдайым кіші болсың, қарт адам болсың өз көмектерін көрсетуге дайын. 

«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!


Просмотров: 388

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Жукенова Жанар Малшибаевна

Опрос

Статистика

  • Осы айда20
  • Осы аптада0
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки