Бір күні Алдар көсе мен шайтан екеуі түлкі қуып соғып алып, қай жасы үлкеніміз алайық дейді.
Алдар көсе шайтанға: «Кəні, сен нешедесің? Жасыңды айт»,– дейді. Шайтан: «Мен туғанда көк табақтайғана, жер кеседей ғана еді», – дейді. Алдар көсе еңіреп қойа береді. Шайтан:
«Неге жылайсың?» – дейді. «Менің үлкен балам нақ сол жылы туып еді, құрдас екен-ау деп жылап тұрмын», – депті. Сүйтіп, Алдар көсе үлкен шығып, түлкіні алады.